23 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институты, Биология кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Абайдың өмірі мен шығармашылығын терең таныстыру, ұлы тұлғаның қара сөздері мен өлеңдері арқылы адамгершілік, еңбекқорлық, білімге ұмтылу сияқты құндылықтарды дәріптеу және студенттердің тіл байлығын, әдеби-көркемдік ойлауын, рухани қасиеттерін дамыту болды.
Бағдарлама бірнеше бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде студенттер ойшылдың өмір жолына шолу жасады. Кейін Абайдың қара сөзінен көрініс ұсынып, «Көзімнің қарасы» туындысын хор болып орындады. Келесі кезеңде интеллектуалды ойындар ұйымдастырып, Абай шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында жүргізушілер:
«Абай – әр қазақтың жүрегінде. Оның даналығы – тек өткеннің емес, бүгін мен болашақтың шамшырағы. Абай айтқан «Толық адам» болу жолында әрбіріміз еңбек етуіміз керек», – деп қорытындылады.
«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты кеш студенттердің рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шара болды.
