23 қазан 2025 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде С.Қаниев атындағы ғылыми кітапханада «Қазақстан – туған жерім, ұлы өлкем» атты мерекелік кеш өтті. Шара Республика күніне орай ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді ұлықтап, ұлттық сана мен рухты нығайту болды.
Мерекелік кешке Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасының профессор -оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Мерекелік бағдарламаны «Кітапхана ісі», Ақпараттық жүйелер және Қолданбалы жасанды интеллект білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері ұйымдастырды. Кеш барысында ән мен күй, би, поэзия және викторина арқылы Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен бүгінгі жетістіктері көрініс тапты. Студенттердің орындауындағы “Туған жер”, “Сұлтандарым”, “Көк тудың желбірегені” сынды әндері бағдарлама мазмұнын байыта түсті.
«Қазақстан – туған жерім, ұлы өлкем» атты мерекелік шара – өнер мен отаншылдықты ұштастырған, студенттердің бойында ұлттық рух пен елге деген сүйіспеншілікті арттырған рухани кеш болды.
