Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Филология институты, Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен ұлы ақын Сергей Есениннің 130 жылдық мерейтойына арналған «Стихи мои, спокойно расскажите про жизнь мою…» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.
Іс-шара университеттің мәдени өміріндегі ерекше оқиғалардың бірі болды. Кештің негізгі мақсаты – студенттерге ақын шығармашылығының терең мәнін таныстырып, оның поэзиясындағы туған жерге деген сүйіспеншілік пен адам жанының нәзік иірімдерін сезіндіру.
Әдеби-музыкалық кеш үш бөлімнен тұрды. «Юность и родная земля» атты алғашқы бөлімде ақынның балалық шағы мен туған жерге деген махаббаты сөз болды. «Любовь и метания сердца» бөлімінде махаббат пен сезім тақырыбы арқау болса, соңғы «Судьба и прощание» бөлімі Есениннің өмірлік философиясы мен тағдырға деген көзқарасын бейнеледі.
Кеш барысында университет фойесінде «Есенин и любовь», «Есенин и природа», «Есенин и Родина» тақырыптарында студенттердің қабырға газеттері мен иллюстрациялары қойылып, ауыл өмірінің атмосферасын жеткізетін фотозона безендірілді. Сонымен қатар, ақын өлеңдеріне жазылған әндердің аспаптық нұсқалары орындалып, студенттер Есенин жырларын тебіреніспен оқыды.
Бұл кеш студенттердің шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
