2025 жылғы 30 қазанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қытайдың Шэньси педагогикалық университеті делегациясымен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – екі жоғары оқу орны арасындағы білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау болды.

Кездесуге Шэньси педагогикалық университетінің проректоры Dong Zhibao, халықаралық байланыстар басқармасының басшысы Zhang Lingyun, Халықаралық қытай тілі және мәдениеті институтының директоры Shi Luoxiang, сыртқы ынтымақтастық бөлімінің бастығы Dou Wenyang қатысты.

Сондай-ақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті тарапынан инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Еркін Дүсіпов, аппарат басшысы Нұржан Шинтаев, жоғары білімнен кейінгі білім департаментінің директоры Мөлдір Абдраймова, Филология институтының директоры Айгүл Сәтбекова және Білім беру бағдарламаларын интернационализациялау орталығының басшысы Алия Задаханова және халықаралық ынтымақтастық бөлімі мамандары қатысты.

Сапар бағдарламасы аясында университет басшылығымен кездесу өтіп, білім беру және мәдениет бағыттарындағы ынтымақтастықтың болашақ бағыттары мен нақты қадамдары қарастырылды. Сонымен қатар, қонақтар университет кампусын аралап, оқу ордасының тарихымен және жетістіктерімен танысу мақсатында музейді тамашалады.

Бұл кездесу екі жоғары оқу орны арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтып, білім беру саласында жаңа бастамаларға жол ашады деп сенеміз.