2025 жылдың 4 қарашаcында Педагогика және психология институтында студенттердің бастамасымен жаңа “QADAM” студенттік өзін-өзі басқару ұйымы өз жұмысын ресми түрде бастады.

Жаңа ұйымның басты мақсаты – студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін арттыру, сонымен қатар университет өміріне белсенді араласуға мүмкіндік жасау.

“QADAM” – бұл студенттерге өз бастамаларын жүзеге асыруға, жаңа жобаларды дамытуға және бірлескен еңбектің арқасында ортақ нәтижелерге жетуге бағытталған алаң.

Ұйымның негізгі миссиясы – студенттердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, жеке және көшбасшылық дағдыларын дамыту, әлеуметтік, мәдени және спорттық жобаларға қатысуға жағдай жасау, сондай-ақ университеттегі студенттік өмірді мазмұнды әрі қызықты ұйымдастыру болып табылады.

“QADAM” ұйымының негізгі бағыттары төрт бағытты қамтиды. Creative бағыты шығармашылық жобаларды, мәдени іс-шаралар мен концерттерді ұйымдастыруға бағытталған. Brain бағыты білім мен ғылым саласын қамтып, тренингтер, интеллектуалды ойындар мен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Fit бағыты спорттық белсенділікті арттырып, турнирлер, жарыстар мен фитнес-жаттығуларды қамтиды. Ал Lead бағыты ұйымдастырушылық және волонтерлік қызметке басымдық беріп, іс-шараларды жоспарлау мен жобаларды басқаруға бағытталған.

Ұйым әр студентке өз қабілетін танытып, жаңа идеялар мен бастамаларға қадам жасауға мүмкіндік береді. Институт әкімшілігі мен оқытушылар құрамы ұйымның белсенді қызметі университеттегі студенттік өмірдің дамуына серпін беріп, жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдіреді.