Химия кафедрасының профессоры, ғылым докторы Матаев Мұхаметқали Мұсағалиұлының ұйымдастыруымен Англияның Cardiff университетінің профессоры Noel Thomas студенттер мен оқытушыларға арналған онлайн дәріс өткізді.

Профессор органикалық химия саласындағы өзекті тақырыптар – «Олефиндік байланыс және оның маңызы» және «Бір электронды тотығу және олефинді байланыс» бойынша баяндама жасап, ғылыми зерттеулеріндегі жаңа нәтижелермен бөлісті.

Дәріс барысында профессор Noel Thomas химия ғылымындағы соңғы жетістіктерге тоқталып, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Бұл кездесу студенттер үшін тек теориялық білімін кеңейтіп қана қоймай, ағылшын тіліндегі ғылыми коммуникация дағдыларын шыңдауға да мүмкіндік берді.

Cardiff университетінің тәжірибелі ғалымымен тікелей байланыс орнату –білім алушыларға әлемдік деңгейдегі ғылымның даму бағыттарын танып-білуге жол ашты.

Онлайн форматта өткен бұл дәріс Қазақстан мен Англия арасындағы ғылыми серіктестіктің жаңа кезеңіне бастау болып, екі елдің жоғары білім беру жүйелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосады деген сенім бар.