Бүгін Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев АҚШ және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының «С5+1» форматындағы саммитіне қатысу барысында «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаттарымен кездесті.
Мемлекет басшысы АҚШ-та білім алып жатқан және ғылыми тағылымдамадан өтуші жастармен жүздесіп, олардың білім мен ғылым саласындағы жетістіктерімен танысты.

Айта кетейік, биыл «Болашақ» бағдарламасына 32 жыл толып отыр. Бағдарлама Қазақстанның ең табысты бастамаларының бірі ретінде еліміздің талантты жастарына әлемнің үздік оқу орындарында білім алуға және заманауи ғылыми-технологиялық тәжірибелерді игеруге мүмкіндік беріп келеді.
