Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Хореография және Арт-менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіби этика және сәйкестік» және «Сахна тілі» пәндері аясында университетте Алматы қаласы, Наурызбай ауданы «Белсенді ұзақ өмір сүру және халықтық дәстүрлерді сақтау орталығының» «Бастапты» музыкалық-танымдық театрландырылған дәстүрлі этно қойылымы ұйымдастырылып, студенттер назарына ұсынылды.

Мәдени шараның басты мақсаты – ұлттық мұраны көпшілікке таныстыру, қазақ халқының дәстүрлері мен құндылықтарын сахна тілі, актерлік шеберлік және арт-менеджмент пәндерімен ұштастыра көрсету. Қойылым барысында студенттер қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, музыкасы мен сахналық өнерінің ерекшеліктерімен тереңірек танысты.

Шара оқу үрдісін тәжірибемен байланыстыруға, болашақ мәдениет және өнер саласының мамандарының кәсіби көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Студенттер қойылым құрылымын, режиссерлік шешімдерді, сахналық тілдің қолданылуын және этно-мәдени элементтердің интеграциясын тікелей бақылап, талдау жасады.

Қойылым жетекшісі – актер, режиссер Нұржан Тутов. Ол өз кәсіби тәжірибесімен бөлісе отырып, студенттерге сахналық мәдениет, актерлік шеберлік және ұлттық театр дәстүрлерінің маңызы туралы құнды ақпарат ұсынды.

Бұл іс-шара студенттердің практикалық дағдыларын жетілдірумен қатар, ұлттық мәдениетті насихаттау мен театр өнерінің дамуына үлес қосуға бағытталған маңызды тәжірибе болды.