Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Хореография және Арт-менеджмент кафедрасы Алатау дәстүрлі өнер театрымен жасалған ынтымақтастық меморандумы аясында 6В11102 – Мәдени-тынығу жұмысы және 6В02102 – Хореография мамандығы студенттері үшін шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты – мәдениет пен өнер саласындағы кәсіби тәжірибені студенттерге жеткізу, дәстүрлі және заманауи орындаушылық өнердің ерекшеліктерін көрсету, сондай-ақ студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамыту мен болашақ кәсіби бағыттарын айқындауға ықпал ету.
Шеберлік сағатты режиссер-каскадер, бес қарудың шебері, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының хореографы Әділет Таменов жүргізді. Ол өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге сахналық мәдениет, актерлік шеберлік және дәстүрлі өнердің ерекшеліктері туралы құнды ақпараттар ұсынды.
Шара болашақ мәдениет және өнер мамандарына сахна қозғалысы және актерлік импровизация, дәстүрлі ән мен би өнерінің мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Студенттер Әділет Таменовпен тікелей пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, іс-шара университет пен театр арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға жол ашты.
