2025 жылдың 18 қарашасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Математика кафедрасы «Математика» IP білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған OIQ (Ой + IQ) интеллектуалды сайысын ұйымдастырды.

Шараның негізгі мақсаты – студенттердің логикалық ойлауын дамыту, зияткерлік әлеуетін арттыру ғана емес, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған жасанды интеллект пен цифрландыруға қатысты стратегиялық міндеттерді және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жастар арасында кеңінен насихаттау болды.

Интеллектуалды ойын бес кезеңнен тұрды:

  • BrainCells – интеллектуалды викторина
  • Smart Portraits – бас қатырғыш(головоломка) арқылы математикалық ғалымдар портретін құрау
  • Таным тартысы – сұрақ- жауап
  • Математика аренасы – математикалық эстафета
  • Үй тапсырмасы – жасанды интеллект пайдалана отырып тұрақты даму мақсаттарын ашу

Сайысқа төрт команда қатысты: Infinity, Smart, Genius, Logic Legends.
Командаларға Тұрақты даму мақсаттары бойынша келесі тақырыптар жүктелді: Infinity – Гендерлік теңдік (ТДМ 5), Smart – Сапалы білім (ТДМ 4), Genius – Жауапты тұтыну және өндіріс (ТДМ 12), Logic Legends – Климаттың өзгеруіне қарсы күрес (ТДМ 13).

Сайыс барысында студенттер математика, логика және жалпы таным салаларындағы білімдерін сынап, командалық жұмыс дағдыларын көрсетті. OIQ форматы қатысушыларға креативті ойлау, аналитикалық шешім қабылдау және заманауи цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесін дамытуға мүмкіндік берді. Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.

OIQ интеллектуалды сайысы – жас математиктердің ой-өрісін кеңейтіп, елдің тұрақты дамуына үлес қосатын жаңа буын мамандарын тәрбиелеуге бағытталған маңызды білім беру бастамасы.