2025 жылғы 21 қарашада Педагогика және психология институты, Дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Қызықты генетика: фактілер, жетістіктер және олардың күнделікті өмірге әсері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Семинар спикері - Торонто қаласындағы Genetics Agro Trade International компаниясының атқарушы директоры, биология ғылымдарының PhD докторы Ахмет Токбергенов.
Шараның басты мақсаты – студенттердің ғылыми сауаттылығын арттыру, генетика саласындағы заманауи жетістіктер жөніндегі түсініктерін кеңейту және генетикалық зерттеулердің адамның күнделікті өміріндегі әсерін көрсету болды. Кездесу барысында қатысушылар генетиканың фундаменталды және заманауи ұғымдарымен, спорт, медицина, тамақтану, экология және тұрмыс салаларындағы генетикалық технологиялардың шынайы қолданылу мысалдарымен танысты. Сондай-ақ биотехнологиядағы соңғы ғылыми жетістіктер мен әдістерді, тұқымқуалаушылыққа қатысты кең таралған мифтер мен қате түсініктерді, ғылыми-зерттеу саласындағы өз мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады.
Іс-шараның интерактивті форматы студенттерге ғылыми ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, генетикалық технологиялардың күнделікті өмірде қалай қолданылатынын түсінуге және ғылыми жобаларға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді.
Семинар жас зерттеушілер үшін ой алмасу, білім бөлісу және жаңа идеялармен шабыттану алаңына айналды.
