2025 жылдың 2 желтоқсанында Физика, математика және цифрлық технологиялар институты жанындағы Математика кафедрасының бітіруші курс студенттері үшін маңызды әрі әсерлі күндердің бірі өтті. Үздіксіз өндірістік (педагогикалық) практика бойынша қорытынды есеп беру конференциясы ұйымдастырылды.

Конференция барысында болашақ математика пәні мұғалімдері өздерінің кәсіби қалыптасу жолындағы жетістіктерімен бөлісіп, мектептерде өткізген сабақтары мен сыныптан тыс іс-шаралар туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарында 55 білім алушы педагогикалық тәжірибеден өтіп, өздерінің педагогикалық шеберліктерін шыңдады.

Іс-шараға кафедра оқытушылары, мектептегі тәжірибе жетекшілері, кәсіби тәжірибе және мансап бөлімі мамандары мен білім алушылар қатысты. Шара аясында студенттердің ғылыми-әдістемелік әлеуеті, шығармашылық жобалары, сабақ барысында цифрлық құралдарды тиімді қолдану тәжірибелері кеңінен талқыланды.

Бұл конференция жас мамандарға кәсіби бағдар беріп, тәжірибе алмасуға, өзара қолдау мен ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндік сыйлады.