Жаратылыстану институты, География кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан мен Түркиядағы соңғы 100 жылдағы жер сілкіністері процестерін салыстырмалы талдау» атты ғылыми семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – екі елде орын алған жер сілкіністерінің динамикасын, себеп-салдарлық байланыстарын және сейсмикалық белсенділік үлгілерін зерттеу. Іс-шара барысында геологиялық ерекшеліктерді анықтап, заманауи зерттеу әдістерін қолдану арқылы табиғи апаттардың алдын алу, болжау және қауіпсіздік шараларын жетілдіру мәселелері қаралды.

Семинар спикері – Гази университеті Білім беру факультеті География кафедрасының профессоры Халил Токжан. Профессор баяндамасында екі ел аумағындағы сейсмикалық белсенділіктің соңғы ғасырдағы динамикасы, жер сілкіністерінің таралуы мен себептік ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдады. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркияның геологиялық құрылымы мен тектоникалық жағдайлары, заманауи сейсмологиялық зерттеу әдістері қарастырылып, жер сілкіністерін болжау мен қауіпсіздік шараларын жетілдіруге ғылыми ұсыныстар жасалды.

Іс-шараға Жаратылыстану институтының профессор-оқытушылары мен География кафедрасының білім алушылары қатысты. Семинар қатысушыларға сейсмикалық қауіпсіздік, заманауи сейсмологиялық әдістер мен табиғи апаттарды алдын алу бойынша ғылыми білімді терең меңгеруге мүмкіндік берді. Іс-шара халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.