Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Психология апталығы аясында «Teacher Mind Games – 2025» атты интеллектуалды квест-сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге педагогикалық психология ғылымын терең таныстыру, кәсіби-психологиялық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық әлеуетін қолдау және командалық жұмыс мәдениетін нығайту болды.
Сайыс ерекше атмосферада өтіп, қатысушыларды түрлі интерактивті психологиялық тапсырмалар, танымдық кезеңдер және шығармашылық элементтер күтті. Бұл студенттерге өз білімдерін тәжірибелік тапсырмалар арқылы көрсетуге, логикалық ойлау және жылдам шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Сайыс кезеңдері:
- І кезең – «Шығармашылық таныстыру»: командалар өлең, көрініс, би, шағын театрландыру, бейне және анимация арқылы өзін креативті таныстырды.
- ІІ кезең – «BrainBox» викториналық туры: студенттер педагогикалық психология теориялары, оқу мотивациясы, темперамент және педагогикалық қарым-қатынасқа қатысты 10–40 балдық сұрақтарға жауап берді.
- ІІІ кезең – «Psy Quest»: университеттің әр қабатында орналасқан психологиялық пункттерде волонтёрлардан тапсырмалар алып, пазл бөліктерін жинады.
- IV кезең – «Айтарым бар» шығармашылық бейнежоба: алдын ала берілген тақырып бойынша 2–3 минуттық креативті видеоролик түсіріліп, ғылыми нақтылық, психологиялық терминдерді дұрыс қолдану, визуалдық сапа мен практикалық мысалдарға басымдық берілді.
Квест студенттердің ойлау қабілеті, қарым-қатынас дағдылары мен эмоциялық тұрақтылығын дамытатын психологиялық тәжірибеге айналды. Сайыс қорытындысы бойынша үздік командаларға арнайы дипломдар, алғыс хаттар және кітаптар табысталды.
