Жаратылыстану институты, Биология кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Бактыгул Раимбекованың ұйымдастыруымен «Балықтар дүниесіне бағытталған 15 апталық зерттеу» тақырыбында семестр қорытындысына арналған ашық сабақ өтті.

Шараға Невшехир Хажы Бекташ Вели университетінің профессоры, биология ғылымдарының маманы Ердоган Чичек арнайы қатысып, студенттердің ғылыми жұмыстарын бағалады.

Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің ихтиологиялық сала бойынша теориялық білімдерін тереңдету, зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру, су жануарларының биологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан талдау қабілетін дамыту және ғылыми-зерттеу мәдениетін жетілдіру.

Іс-шараға Биология білім беру бағдарламасының студенттері қатысып, өздерінің 15 апталық зерттеу нәтижелерін қорғады.

Қорытынды бойынша үздік жұмыстар I, II, III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ арнайы номинациялармен марапатталды. Студенттердің ғылыми ізденістері мен практикалық дағдыларына арналған бұл ашық сабақ болашақ биологтардың кәсіби біліктілігін арттыруға үлкен үлес қосқаны сөзсіз.