2025 жылдың 24 қарашасынан 24 желтоқсанына дейін Visiting Professors бағдарламасы аясында Сельджук университетінің доктор-профессоры Нежми Уянык (Prof. Dr. Necmi UYANIK) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тарих кафедрасының студенттері үшін «Еуропа меденитетінің қалыптасуы» атты семинар дәрісін өткізді.

Семинар дәрістің басты мақсаты – студенттерге Еуропа мәденитетінің тарихи негіздерін жан-жақты таныстыру, антикалық Грекия мен Римнің, христиандық дәстүрдің, ортағасырлық мәдениеттің, Ренессанс пен Ағартушылық кезеңдерінің Еуропа өркениетіне әсерін көрсету. Сонымен қатар, дәріс барысында студенттер қазіргі Батыс Еуропаның құқықтық жүйесі мен мемлекеттік институттарының, жаңа гуманистік дүниетанымның қалыптасуындағы рөлін тарихи деректер негізінде зерттеді.

Дәріс барысында білім алушылар зерттеу және талдау дағдыларын жетілдіріп, Еуропа қоғамы мен мәдениетінің бүгінгі келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар мен идеялардың шығу төркінін таныды.

Семинар нәтижесінде студенттер Еуропа мәдениеті мен қоғамының негізгі құндылықтары – рационализм, құқықтық мемлекет, адам құқықтары мен ғылыми дүниетанымның тарихи тамырын ашып, Еуропа меденитетінің бүгінгі әлемге ықпалын қорытындылады. Семинар студенттердің тарихи көзқарасын кеңейтуге, мәдени-тарихи танымын тереңдетуге және өз ойларын дәлелдерге сүйене отырып жеткізе білу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.