12 желтоқсанда Сералы Қаниев атындағы Ғылыми кітапханада Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым!» атты тағылымды шара өтті.
Шараны кітапхана қызметкерлері, Биология білім беру бағдарламасының 1-курс, 4-топ студенттері және колледж студенттері бірлесе ұйымдастырды.
Шара барысында қатысушылар тәуелсіздікке бастар жолдағы тарихи оқиғалардың маңызын терең бағалап, өткенге тағзым етті. Бір минуттық үнсіздік жарияланып, ата-баба рухына құрмет көрсетілді.
Студенттердің шығармашылық бағдарламалары мен шағын сахналық қойылым кештің негізгі мазмұнын ашып, арнайы дайындалған тарихи бейнематериал көрсетілді.
Кездесу соңында кітапхана директоры Өтегенова Әсем Мұхтарқызы сөз сөйлеп, белсенді студенттерге марапат табыс етті.
