Физика және информатика кафедраларының ұйымдастыруымен орта білім мен жоғары білім берудегі бағалау мәселелерін кешенді түрде талқылау мақсатында, «Педагогикалық өлшем және бағалау» атты  семинар болды.

Семинардың мақсаты – білім беру саласындағы бағалау мәдениетін жетілдіру және заманауи педагогикалық тәсілдерді енгізу.

Шара барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары Комекова Сандугаш Оралхановна, Байболова Гульжанат Габдуллахметовна және Жақсым Орынбек Исаұлы орта білім беру ұйымдарындағы бағалау ерекшеліктері жөнінде баяндама жасады.

Сондай-ақ университет мамандары Физика кафедрасының оқытушысы Заурбекова Нурбике Джумабаевна жоғары оқу орындарындағы бағалау жүйесінің стандарттары мен өзіндік сипатын талдап көрсетсе, Информатика кафедрасының оқытушысы Мажибаева Гульжан Пердебаевна цифрлық білім беру ортасында бақылау-өлшеу құралдарын жобалаудың әдіснамалық негіздері туралы жан-жақты баяндама ұсынды.

Кездесуді қорытындылай келе Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының директоры Гульназ Ибрагимқызы Салгараева теория мен практиканы ұштастырудың маңыздылығын атап өтті.