Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы жұмыс берушілердің қатысуымен «Әлеуметтік жұмыстың алгоритмі» атты ғылыми семинар ұйымдастырды.

Ғылыми семинардың мақсаты – әлеуметтік жұмыс мамандарының қызметіндегі жаңашылдықтар туралы практик мамандармен тәжірибе алмасу, теория мен практиканы ұштастырудың негізгі тетіктерін көрсету.

Бағдарлама көшбасшысы, саяси ғылымдарының докторы, доцент Бибігүл Илиясовна Иманбекова әлеуметтік жұмыс мамандарының болашағы, қазіргі заман талабына сай даму динамикасы, мақсаты мен міндеттері, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс маманының функционалдық қызметі туралы айтып өтті.

Семинар барысында Алматы қаласындағы «Парасат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Дүйсенбаева Нұрғайым Токановна «Ерекше күтімді қажет ететін балаларға әлеуметтік қызмет көрсетудің ерекшеліктері» баяндамасын жасап, «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Оспанова Анаргүл Қабдығалиқызы орталықтың мақсаты мен жоспарларын бөлісті.

Ғылыми семинарға Алматы қаласындағы ірі әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басшылары, «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының студенттері мен педагогикалық оқытушылар құрамы қатысты.