Жаратылыстану институты Химия кафедрасының ұйымдастыруымен мектеп, колледж және университеттің білім алушыларының қатысуымен Д.И. Менделеевтің туған күніне орай дәстүрлі ХII республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шаранын мақсаты - қатысушылардың ғылыми жобаға деген қызығушылығын арттыру, конференцияларға мақала дайындау дағдыларын қалыптастыру.
Конференция 4 түрлі бағытта жүрді:
1-бағыт: «Оқушылардың ғылыми білімін қалыптастырудағы заманауи әдістер: цифрлық технологиялар мен интерактивті оқытудың рөлі»
2-бағыт: «Жаратылыстану саласындағы заманауи ғылыми зерттеулер: цифрландыру жағдайындағы өзектілік, жетістіктер және инновациялық бағыттар»
3-бағыт: «STEAM білім беру цифрлық дәуірде: пәнаралық интеграция, инновациялық мүмкіндіктер және болашақ даму үрдістері»
4-бағыт: «Жаратылыстану ғылымдарының бүгіні мен ертеңі: цифрландыру, жасанды интеллект және ғылымның трансформациясы».
Ғылыми-практикалық конференция окушылар мен студенттерге алғашқы зерттеу жұмыстарын ғылым жолында жүрген университеттің білікті профессор-оқытушылардың алдында жобаларын қорғап, кәсіби пікір алуға мүмкіндік берді.