Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ҚР Жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Хореография» білім беру бағдарламалары тобы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиадасы өтуде.
Олимпиаданың мақсаты – болашақ педагог-хореографтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, дарынды студенттерді қолдау және жоғары оқу орындары арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты нығайту.
Республикалық доданың ашылу салтанатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова қатысушыларға сәттілік тіледі.Өз сөзінде ректор хореография мамандығының ұлттық өнер мен мәдениетті дәріптеудегі маңыздылығына тоқталып өтті.
Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген келесі командалар қатысуда:
- «Arts academy» – Қазақ ұлттық хореография академиясы (Астана);
- «KazNAI ballet» – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы);
- «Самғау» – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті (Шымкент);
- «Жасын» – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы);
- «Томирис» – Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз);
- «NOMAD» – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан);
- «Томирис» – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы).
Әділқазылар алқасының құрамы:
- Комиссия төрайымы: Әлия Шанкибаева – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Сахналық пластика және дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты, профессор.
Комиссия мүшелері:
- Алмас Қаржаубаев – Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжінің «Хореография өнері» ПЦК төрағасы;
- Ақмарал Ильясова – Александр Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқытушысы, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің бас балетмейстері;
- Ержан Доскараев – «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің педагог-репетиторы;
- Мөлдір Уразалиева – Қыздар университеті «Музыка» кафедрасының профессор м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты.
- Хатшы: Айнұр Досжанова – Қыздар университетінің аға оқытушысы, магистр.
