QyzPU Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова Ғылыми кеңестің шешімімен Шығыс Азия Ғылым және Технология университетінің өкілі, профессор Ло Синг Кай мырзаға университеттің Құрметті профессоры атағын ресми түрде табыстады.

                                        

Ректор профессор Ло Синг Кайдың ғылым мен білім саласын дамытуға қосқан зор үлесін, сондай-ақ халықаралық академиялық байланыстарды нығайтудағы белсенді қызметін ерекше атап өтіп, ғалымға шынайы алғысын білдірді.

                                         

Айта кетейік, профессор Ло Синг Кай – Калифорния университетінің түлегі, Гонконг және Дикин университеттерінде басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ 250-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлескен жобалары бар ғалымға бүгінде Шығыс Азия Ғылым және Технология университетінде құрметті профессор атағы тағайындалған.

                                        

Аталған марапат – университетіміздің шетелдік серіктестермен өзара байланысын нығайтуға және халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам.