«Ғылым декадасы – 2026» аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде көрнекті түрколог-ғалым Немат Келімбетовті еске алуға арналған «Зияткерлік сайыс» өтті.

Филология институтының студенттері – Диана Нұрхан, Ақбота Кеңесбек, Еңлік Дайырбек, Әсемгүл Муслимеден және Баян Бекжанова интеллектуалдық дайындықтары мен білім деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Студенттердің бұл жетістікке жетуіне филология ғылымдарының кандидаты Бағила Төребекқызы Панзабекова жетекшілік етіп, байқау барысында кәсіби бағыт-бағдар берді.