Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Арнайы педагогика кафедрасы және Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық инклюзивті ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім берудегі заманауи тәсілдер: педагогтерді даярлау (балабақша – мектеп – жоғары білім беру жүйесінде)» тақырыбында мазмұнды семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту мен кешенді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын педагог кадрларды даярлаудың ғылыми негізделген тиімді модельдерін айқындау.

Іс-шараға сала сарапшылары, Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері, сондай-ақ жалпы және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Семинар барысында инклюзивті білім берудің заманауи парадигмалары, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту стратегиялары, инновациялық білім беру технологияларын енгізу жолдары кеңінен қарастырылып, тәжірибеге бағытталған мазмұнды пікір алмасу жүзеге асырылды.

Айта кетейік, университет базасында Инклюзивті және арнайы білім беру дамыту орталығы жұмыс істейді.
