23–24 сәуір күндері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті География кафедрасының ұйымдастыруымен «География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің XVIII Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – болашақ педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашу, олардың интеллектуалдық капиталын қалыптастыру және кәсіби біліктілігін арттыру.
Зияткерлік сайыс барысында дарынды студенттерді қолдаумен қатар, жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын оятып, заманауи география ғылымының өзекті мәселелерін шешуге тарту міндеттері іске асырылды.
Екі күнге созылған білім додасында болашақ география мұғалімдері теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жан-жақты көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша жоғары білім деңгейі мен ерекше шығармашылық ізденіс танытқан қатысушылар үздік деп танылды. Жарыс нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген студенттер жеңімпаз атанып, арнайы дәрежелі дипломдармен және алғысхаттармен марапатталды.
