Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Музыкалық білім беру бағдарламасының студенттері Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған «Жұбанов көктемі – 2026» халықаралық хор музыкасы фестивалінде биік белесті бағындырды.
Аталған өнер додасы қазақ кәсіби музыкасының негізін салушы, көрнекті ғалым, композитор әрі дирижер, Қазақстанның халық әртісі, академик Ахмет Жұбановтың 120 жылдық мерейтойына арналған.
Халықаралық деңгейдегі фестивальге ҚР жетекші кәсіби хор ұжымдары қатысып, шығармашылық шеберліктерін ортаға салды. Осындай жоғары бәсекелестік жағдайында университеттің «Қыздар хоры» өзіндік орындаушылық мәнерімен ерекшеленіп, ІІІ дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.
Студенттердің бұл жетістігіне ұжым жетекшілері Ж. Дәулет, Р.Ю. Балтиева және концертмейстер Марина Архипованың қажырлы еңбегі мен кәсіби дайындығы негіз болды.
