«Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша Қазақтың спорт және туризм академиясында дәстүрлі XVIII Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты – студенттердің кәсіби тұлғалық әлеуетін, олардың өзін-өзі тануын, дене шынықтыру және спорт саласындағы шығармашылық қабілеттері мен практикалық дағдыларын ашу.
Пәндік олимпиадаға еліміздің әр қиырынан келген 17 жоғары оқу орны қатысты. Атап айтқанда, Қарағанды, Түркістан, Тараз, Орал, Көкшетау, Арқалық, Семей, Қостанай, Ақтөбе және Петропавл қалаларының жетекші университеттері мен институттары бақ сынады.
Тартысты доданың нәтижесінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жалпы командалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді. Жекелей көрсеткіштер бойынша қазақ тобы ІІ орынға тұрақтаса, орыс тобы IV орынға ие болды. Сонымен қатар «Ең үздік ғылыми жоба» номинациясымен Нусретиллаева Жасмина марапатталды.
Студенттердің бұл жетістігіне педагогика ғылымдарының магистрлері, аға оқытушылар Ниязақынов Ердос Бағдатұлы пен Тауасарова Данара Айқынбайқызы жетекшілік етті.
