Педагогика және психология институтында білім алушылардың зерттеу жұмыстарын қорытындылауға арналған «Lesson Study: Зерттеуден – нәтижеге» атты постерлік галерея-көрмесі өз мәресіне жетті.

                                           

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың бітіру жұмыстарының нәтижелерін Lesson Study тәсілі арқылы көпшілікке ұсыну, кәсіби талқылау жүргізу және озық педагогикалық тәжірибе алмасу үшін ортақ алаң қалыптастыру.

                                           

Шара барысында болашақ педагогтар Lesson Study бағыты бойынша жүргізген ізденістерінің нәтижесі ретінде 49 постерді сәтті қорғап шықты.

                                           

Көрмеге «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының өкілі Көмекова Сандуғаш Оралханқызы арнайы қонақ ретінде қатысты. Сарапшы студенттердің зерттеу жұмыстарына кәсіби талдау жасап, комиссия мүшелерімен бірге постерлерді мазмұндылық, дәлелділік және визуалды безендірілу сапасы бойынша бағалады.

                                            

Көрменің негізіне алынған Lesson Study тәсілі – оқыту сапасын арттыруға бағытталған ерекше педагогикалық зерттеу әдісі. Ол мұғалімдердің сабақты бірлесе жоспарлауын, оқушы іс-әрекетін жіті бақылауды және соның негізінде оқыту әдістерін үнемі жетілдіріп отыруды көздейді.

                                            

Постерлік қорғау кезінде студенттер тек теориялық білімді меңгеріп қана қоймай, оны мектептегі нақты сабақ үдерісінде қалай тиімді қолданғандарын дәлелдей алды.