Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Макажанова Меруерт магистр, практик-оқытушы Гүлназ Токабаеваның жетекшілігімен Өскемен қаласында өткен дүниежүзілік «Аламан - құрақ» байқауына қатысты.

Олар өздері әзірлеген жұмысымен «2026 - Гиннесстің рекордтар кітабына» еніп, алғыс хат, сертификат және төс белгімен марапатталды.

Бұл жоба Өскеменде Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі құрақ құрау өнерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және өңірлер арасындағы мәдени байланысты күшейту.

 Шара аясында елдің 17 облысынан келген 788 құрақшы «Шығыс Алтай» стадионында ұзындығы екі шақырымнан асатын, аумағы екі шаршы шақырымдық алып құрақ көрпе тігіп, оны халықаралық рекордтар кітабына енгізді.Әр құрақ бөлігінде қазақы өрнек, ұлттық нақыш пен өңірлік ерекшеліктер көрініс тапқан.

Жалпы, құрақ құрау – қазақ мәдениетіндегі көне қолөнер түрлерінің бірі ретінде үнемшілдіктің, шеберліктің және отбасы жылуының белгісі.

Мәдени жоба аяқталғаннан кейін дайындалған көрпелер «Үміт» балалар үйіне, мешітке және музейге табысталады.