Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қыздар көшбасшылығы мен кәсіпкерлік орталығы «ARMAN DALA» балалар сауықтыру орталығымен ынтымақтастық аясында білім алушылар тәлімгерлермен кездесу өткізді.

Бұл орталықпен университет студенттері «САНА» жобасы аясында үш жылдан астам уақыттан бері бірлесіп жұмыс атқарып келеді.

                                        

Кездесу барысында қатысушылар лагерь жұмысының жүйесімен, тәлімгерлік міндеттермен, балалармен қарым-қатынас орнату мен қауіпсіздік ережелерімен танысып, сала мамандарынан заманауи әдістемелер бойынша тәжірибелік мәлімет алды.

                                      

 

                                       

                                       

Шарадан кейін студенттер орталықтың тегін даярлау курсынан өтіп, кәсіби құзыреттерін практика жүзінде бекітті. Оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Алынған сертификаттың арқасында білім алушылар сабақтан тыс уақытта және маусымдық демалыс кезеңінде «ARMAN DALA» орталығында ресми түрде ақылы жұмысқа орналасып, еңбек жолында шыңдалуға мүмкіндік алады.

Бұл бастама БҰҰ-ның Сапалы білім беруге арналған төртінші, Лайықты жұмыс пен экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған сегізінші және Мақсаттарға жету жолындағы серіктестікке арналған он жетінші Тұрақты даму мақсатын жүзеге асыруға қосқан нақты үлес болды.