Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы білім ордасының ардагер ұстаздармен кездесті.

                                                             

Ректор аға буын өкілдеріне ізгі тілегін білдіріп, олардың университеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін айрықша атап өтті.

                                                              

«Қарты бар үйдің – қазынасы бар». Сіздер – біздің университетіміздің үлкен қазынасысыздар. Өмір жолдарыңыз бен кәсіби тәжірибелеріңіз кейінгі буын үшін әрдайым үлгі-өнеге.

                                                             

Бүгінде университетіміз жаңа бағытта дамып, заман талабына сай жаңғырып келеді. Қандай өзгеріс болса да, оның негізінде сіздер қалыптастырған дәстүр, жинақтаған тәжірибе мен еңбектің ізі бар. Біз – сіздер бастаған жолдың жалғастырушысымыз», – деді Бейбіткүл Кәрімова.

                                                             

Кездесуді ұйымдастырған университеттің Кәсіподақ ұйымының төрайымы Әділбекова Ләззат Махайқызы бұл басқосудың үлкен буын мен кейінгі буын арасындағы сыйластық пен сабақтастықты нығайтудағы маңызын атап өтіп, «Ұстазды қадірлеу – оның білімі мен тәжірибесін, адамдық болмысын, кейінгі буынға қалдырған өнегесін бағалау», – деп ақжарма тілегін жеткізді.

                                                             

Ардагер ұстаздар университеттің жаңа бастамаларына қолдау білдіріп, ізгі тілектерін айтып, ақ баталарын берді.