Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Сәбит Суатай мен Әлеуметтік даму және студенттік істер жөніндегі проректоры Думан Жекенов Анкараға сапары аясында Гази университетінің басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті.

                                                                                

Кездесу барысында Гази университетінің ұжымына мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Омархан Өксікбаев пен түрколог ғалым Зәріпбай Оразбайдың авторлығымен жарық көрген «Құрылтай феномені» монографиясының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды.

                                                                                

Түркі халықтарының мемлекеттілік дәстүрлері мен ортақ тарихи-мәдени мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеуге арналған бұл еңбек 19 қазанда Анкарада өткен халықаралық ғылыми-мәдени іс-шара аясында таныстырылған болатын.

                                                                                

Тараптар екі университет арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында стратегиялық әріптестікті кеңейту, академиялық байланыстарды нығайту, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды дамыту мәселелерін талқылады.