Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова университетте өткен «Қытай – Орталық Азия» II симпозиумына қатысқан, халықаралық серіктестікті нығайтуға және ғылыми-білім беру байланыстарын дамытуға үлес қосқан шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың өкілдеріне арнайы Алғыс хаттар табыстады.

Алғыс хаттар Цицикар инженерлік институтының құрылтайшы-президенті Цао Юнъаньға, Ланьчжоу университеті Жоғары білім беру институтының директоры Лу Цайчэньге, Гонконг ғылым және технологиялар университетінің (Гуанчжоу) Білім беру инновациялары мен тәжірибесі институты директорының атқарушы орынбасары Ма Цзиньюаньға, Ханчжоу педагогикалық университеті Дамуды жоспарлау басқармасының директоры Юй Сяояньға, Сиань Еуразия университеті Директорлар кеңесінің хатшысы Ху Вэйюэге, Носир Хусрав атындағы Бохтар мемлекеттік университетінің Цифрлық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік факультетінің деканы Имомализода Бахадурға, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Конфуций институтының Қытай тарапынан директоры Дэн Хунға және басқа да серіктестерге табысталды.

Симпозиумнан кейін шетелдік қонақтар Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысты. Мерекелік іс-шара қонақтарға Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін таныстырып, елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

