Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова Ташкент сапары барысында CAIEF 2026 – Орталық Азия халықаралық білім беру форумы аясында Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің ректоры Ильхомжон Тухтасиновпен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

                              

Меморандум екі университет арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға, шетел тілдерін оқытудың заманауи цифрлық әдістерін енгізуге, аударматану мен қолданбалы лингвистика бағытында бірлескен зерттеулер жүргізуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға бағытталған.

                              

Серіктес университет QS World University Rankings by Subject 2026 халықаралық пәндік рейтингінде «Лингвистика» бағыты бойынша әлемде 201-орынға көтеріліп, нәтижесін 50 сатыға жақсартты. Бұл серіктестік екі университеттің ғылыми және білім беру әлеуетін арттыруға жол ашады.