Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапханасының Зерттеулерді қолдау бөлімі ұйымдастырған Халықаралық ашық қолжетімділік апталығы – Open Access Week 2026 аясында бес күндік «OPEN SCIENCE: KNOWLEDGE FOR ALL» апталығы өтті.

Бағдарлама аясында ашық ғылым, ғылыми жарияланымдарға қолжетімділік, авторлық құқық, ғылыми деректерді басқару және жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану мәселелері қамтылды. Clarivate және EBSCO компанияларының мамандары, сондай-ақ Абуджа университетінің өкілі семинарлар мен дәрістер өткізді.

Сонымен қатар университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларына ORCID, Scopus Author ID, Web of Science Researcher Profile және Google Scholar профильдерін реттеу бойынша кеңестер берілді. Практикалық сессияларда қатысушылар ғылыми ақпаратты іздеу, Zotero және MyLOFT құралдарын пайдалану, ашық репозиторийлерден ғылыми жарияланымдарды табу дағдыларын жетілдірді.


