Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру кафедрасы «Парасатты педагог – парасатты орта» апталығы аясында «Парасатты кәсіпкерлік: идеядан табысқа дейін» тақырыбында мотивациялық дәріс ұйымдастырды.
Іс-шараның құрметті қонағы – білім беру саласының ұйымдастырушысы, «Еркем-Ай» жекеменшік балабақшасының құрылтайшысы әрі директоры Күләнда Уәлихақызы Батырбекова.

Кездесу барысында спикер кәсіби қалыптасу жолы мен кәсіпкерлік қызметтегі тәжірибесі туралы әңгімелеп, білім беру саласындағы жеке бастамаларды жүзеге асырудың ерекшеліктері мен кәсіби біліктіліктің маңызын түсіндірді.
Іс-шараға Педагогика және психология факультетінің деканы Ақгүл Мұрзалиевна мен Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі Әйгерім Мейірханқызы қатысты.
Дәріс студенттердің білім беру саласындағы кәсіпкерлік мүмкіндіктер туралы түсінігін кеңейтіп, болашақ мамандардың кәсіби дамуы мен бастамашылдығын қолдауға бағытталды.
