Құрметті студенттер Сіздерді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 2024-2025 оқу жылында  жатақханаларда орындар берілетіні туралы хабарлаймыз.

Арнайы әлеуметтік категорияға кіретін студенттерге, конкурстық негізде арнайы құрылған комиссия арқылы жатақханадан орындар бөлінеді.

 Әлеуметтік категорияларға келесідей студенттер кіреді:

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
  2.  Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  3.  Ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын тұлғалар;
  4.  Қандастар;
  5.  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтамасы бар көпбалалы отбасынан шыққан балалар;
  6. Шетелдік студенттер;
  7. Өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшелері.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің

арнайы әлеуметтік категорияға кіретін студенттердің назарына!

КОМИССИЯҒА (ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫНА)  ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМДЕМЕСІН

2024 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫНЫҢ 10-НА ДЕЙІН ҰСЫНУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ:

ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІ

ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІН РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР

 
 

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

1. Жеке куәлік көшірмесі;

2. Мүгедектігі туралы анықтама;

3.  Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтама.

 

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлыққа алынған білім алушылар, толық жетімдер,  Балалар үйі мен жасөспірімдер үйінің түлектері 

1.Жеке куәлік көшірмесі;

2. Туу туралы куәлік көшірмесі;

3. Ата-ана құқығынан айыру туралы сот шешімінің немесе қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;

4. Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтама.

 

Ата-анасы немесе ата-анасының біреуінде мүгедектігі бар білім алушылар

1.Жеке куәлік көшірмесі;

2. Туу туралы куәлік көшірмесі;

3.Ата-анасының  мүгедектігі туралы анықтамасы;

4.Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтамасы.

 

Шетелдік студенттер

1. Жеке куәлік көшірмесі;

2. Халықаралық қатынастар жөніндегі бөлім басшысынан тізім.

 

18 жасқа дейінгі балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан білім алушылар (АӘК анықтамасы бар)

1.Жеке куәлік көшірмесі;

2. Туу туралы куәлік көшірмесі;

2. Отбасы құрамы туралы анықтама;

3. Отбасының табысы туралы анықтама;

4. Мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын туралы анықтама;

5.  Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтамасы

 

Белсенді студенттер

1. Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтама;

2.Жастар саясаты орталығының басшысы қол қойған тізім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген категорияға кірмейтін  2, 3, 4 курс білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында, резервтік

журналға жазылуға және Алматы қаласының бірқатар хостелдеріне орналасуларыңызға мүмкіндіктеріңіз бар. Ол үшін осы сілтемеден:

https://forms.gle/3LEsAtLo5mib7ssPA  өту арқылы google форманы толтырыңыз!

Барлық сұрақтар бойынша 8-702-488-68-00 – Айнара, 8-771-323-10-97 - Айгерімге хабарласуға болады. Хабарласу уақыты жұмыс күндері сағат 9.00-18.00 аралығында.