Қазақ Ұлттық Қыздар Педеагогикалық Университеті Филология институты, Қазақ әдебиеті кафедрасы «Назқоңыр» үйірмесінің ұйымдастыруымен Алашшыл ақын Таңжарық Жолдыұлының 123 жылдық мерей тойына орай, студенттер мен магистранттар арасында «Әділетті аңсаған ақиық ақын – Таңжарық» атты VI Республикалық дәстүрлі Таңжарық оқулары өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – алашұранды әдебиеттің белді өкілі, ұлт қайраткері, ақын-ағартушы, тарихи тұлға – Таңжарық Жолдыұлының шығармашылығын, өнегелі өмірін дәріптеп, жастарды қазақ әдебиеті мен тарихының ақтаңдақтарын ашуға, зерделеуге шабыттандыру.

 Іс-шара 2 кезеңнен тұрады:

 1-кезең (Іріктеу): Ақын өмірі мен шығармашылығы.

1) ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қойылған екі сұраққа жауап беру;

2) ақынның екі шығармасын жатқа мәнерлеп оқу;

3) ақын болса: ақынға арнаған бір өлеңін оқу;  әнші болса:  ақынның бір әнін орындау; әдебиеттанушы боласа: бір шығармасын әдеби-ғылыми тұрғыдан талдау.

2-кезең (ақтық сайыс) екі бөлімнен тұрады:

1) Алғашқы кезеңнің іріктеуінен сүрінбей өткен қатысушы осы кезеңде ақынның бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқудан немесе бір әнін шебер орындаудан жарысқа түседі. Бұл кезеңде қатысушының өлеңді оқу мәнері, дауыс ырғағы, «р» мен «ң» дыбыстарының дұрыс дыбысталуы, өлеңді түсініп жеткізуі, сахналық мәдениеті жан-жақты бағаланады. Немесе ақынның бір әнін орындау. Мұнда,  әншінің әуені мен орындаушылық шеберлігі, сахнада өзін ұстауы басты өлшем етіледі. (әнді: домбыра, гитара, баянда немесе сүйемелмен орындаса да болады).

2) Ақынға арнау өлеңі – мазмұны, көркемдігі, ақындық шеберлігі сынға түседі. Немесе Ақынның бір шығармасына жасалған талдаудың көркемдік және ғылыми шеберлік жағы қарастырылады.

 Жүлделі орындарға  арнайы сыйлықтар, диплом, алғыс хаттар беріледі.

1-кезең (Іріктеу) уақыты :  19 наурыз, 10:00

2-кезең (Ақтық сайыс) уақыты : 20 наурыз, 15:00

Өтетін орны: Гоголь көшесі 114, 2-қабат Акт залы.