«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ 2026-2027 оқу жылына ПОҚ бос лауазымдарына және институттардың басқарушы құрамына конкурс жариялайды
Қажетті құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды өткізеді:
1) Университет қызметкерлері:
- Басқарма Төрағасы-Ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (1-қосымша);
- Кандидаттың сауалнамасы (3-қосымша);
- Кандидаттың қызметін бағалау бойынша сауалнама (4-қосымша);
- Бас ғалым хатшы куәландырған ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішіндегі);
- Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық тіл емтихандарының (IELTS/TOEFL/PTE/FCE) сертификаттары және салыстыру үшін түпнұсқалары (нотариалды куәландырылған) (бар болса);
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) (соңғы 5 жыл ішіндегі);
- Оқу пәні және/немесе білім беру бағдарламасы бойынша жоба презентациясы (электронды түрде, 10 слайдтан аспауы тиіс);
- Даму бағдарламасының жобасы (институт директорлары, директор орынбасарлары және бағдарлама жетекшілері үшін);
2) Университеттің штаттық қызметкері емес кандидаттар:
- Басқарма Төрағасы-Ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (1-қосымша);
- Қазіргі жұмыс орнынан кадрларды есепке алу бойынша жеке іс-парағы;
- Өмірбаян (2-қосымша), соңғы жұмыс орнынан мінездеме немесе ұсыныс хат;
- Кандидаттың сауалнамасы (3-қосымша);
- Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері мен салыстыру үшін түпнұсқалары (нотариалды куәландырылған);
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері мен халықаралық тіл сертификаттары (IELTS/TOEFL/PTE/FCE) (бар болса);
- Үміткердің қолы қойылған, бағдарлама жетекшісі мен Ғылыми кеңестің ғалым хатшысы куәландырған ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі (бар болса);
- 075 нысанындағы медициналық анықтама;
- Қылмыстық құқық бұзушылықтардың (кісі өлтіру, денсаулыққа әдейі зиян келтіру, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар және т.б.) жоқтығы туралы мәліметтер;
- Сыбайлас жемқорлық қылмысының жоқтығы туралы мәліметтер (басқарушылық қызметтерге үміткерлер үшін);
Университет сайтында https://qyzpu.edu.kz/rukz ("Вакансия" бөлімінде) Сіздер әрбір институт бойынша бос лауазымдар тізімімен таныса аласыздар.
Егер сіз конкурсқа қатысуға қызығушылық танытсаңыз, құжаттарды 01.06.2026ж. дейін жіберулеріңізді сұраймыз.
Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.
Конкурстық құжаттарды сканерленген нұсқада электрондық пошта арқылы ұсынуға болады (hr@qyzpu.edu.kz), мекенжайы бойынша пошта арқылы жіберу: 050000, Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі 142, 7 қабат, 716 кабинет.
Құжаттар қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: 050000, Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі 142, 7 қабат, 716 кабинет.
Анықтамалар үшін телефондар: +7 (727) 237 00 37, +7 (727) 237 00 02, + 7 702 261 35 17
