Құрметті университет ұжымы! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті аға буын үшін (50+) «Күміс университеті» бірегей білім беру жобасын ұсынады.
Күміс университеті – лайықты демалысқа шыққан, бірақ білімге деген құштарлығын жоғалтпаған аға буын өкілдеріне арналған.
Жобаның мақсаты – заманауи технологияларды игеруге көмектесу, белсенді ұзақ өмір сүруді қолдау және қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуға арналған арнайы қауымдастық құру.
Осы орайда қатысушылардың сұранысына сай арнайы бейімделген бірнеше оқыту бағыттары ұсынылады. Атап айтқанда, тыңдаушылар смартфондарды, мемлекеттік қызметтерді және интернеттегі қауіпсіздікті қамтитын цифрлық сауаттылық курсынан өте алады, ағылшын тілін меңгеріп, кескіндеме, домбыра және хореография бойынша шығармашылық бағыттарды таңдай алады.
Сонымен қатар бағдарлама аясында алаяқтардан қорғану жолдары мен заңды жеңілдіктерді түсіндіретін құқықтық және қаржылық сауаттылық негіздері, сондай-ақ гимнастика, жаттығу терапиясы, жүзу мен қартаю психологиясын қамтитын денсаулық сақтау бағыттары қарастырылған.
Әлеуметтік білім беру жобасының тыңдаушысы болу үшін үміткерлердің жасы 50-де немесе 50 жастан асқан зейнет демалысындағы азаматтар болуы қажет.
Курстың соңында белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.
Толық ақпарат үшін: +7 707 747 71 19
Бөгенбай батыр көшесі, 142, 919 кабинет
