Shakhmardan Yessenov Foundation 2027 жылы әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу зертханаларында 90 күнге дейін тағылымдамадан өтуге арналған 10 грант бойынша байқау жариялайды.

Кімдер қатыса алады?

Қазақстан азаматы болып, ел аумағында тұратын үміткерлер;

Қазақстандық жоғары оқу орындарының бакалавриат, магистратура немесе интернатура студенттері, сондай-ақ ғылыми қызметкерлер;

Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, өңдеу және құрылыс салалары немесе денсаулық сақтау бағытында білім алатын не жұмыс істейтін үміткерлер;

GPA көрсеткіші 3,3-тен төмен емес және ағылшын тілін B2 деңгейінде немесе одан жоғары меңгерген үміткерлер;

Ғылыми жетістіктері бар, белгілі бір зерттеу саласына қызығатын және PhD бағдарламасына түсіп, Қазақстанда ғылыми қызметін жалғастыруға ниетті үміткерлер.

Қажетті құжаттар:

  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • «Мен жүзеге асырғым келетін зерттеу» тақырыбындағы эссе;
  • Транскрипт;
  • Тиісті диплом;
  • Түйіндеме.

Қосымша ретінде ғылыми сертификаттар, әлеуметтік белсенділік пен волонтерлік қызметті растайтын құжаттар, жарияланымдар және ұсыным хат тапсыруға болады.

Өтінім мен эссе қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қабылданады.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 4 қараша, Астана уақытымен сағат 15:00-ге дейін.

Толық ақпарат пен өтінім беру тәртібі — Shakhmardan Yessenov Foundation қорының ресми сайтында.

Ғылыми әлеуетіңді дамытып, халықаралық тәжірибе жинақтау мүмкіндігін жіберіп алма!