Докторантураға түсу
-
Оқуға түсу үшінТүсу емтиханыҚажетті құжаттарДокторантураға тапсыру мерзімдеріЭссе тақырыптарыЕмтихан сұрақтарыӘңгіме-сұхбат кестесіМемлекеттік тапсырыс
1-қадам. Қабылдау ережесін жүктеп алыңыз және танысыңыз .
2-қадам. Білім беру бағдарламаларымен, пререквезиттерімен танысу.
3-қадам. Ұлттық тестілеу орталығы сайтымен танысу, Докторантураға түсу емтиханын тапсыруға тіркелу үшін жеке парақша ашу.
4-қадам. Университетке құжат өткізу, түсу емтиханына қатысуға жолдама алу.
5-қадам. Университеттің коммисия құрамымен Әңгіме-сұхбаттан өту, және түсу емтиханынан шекті балл жинау.
PhD докторантураға түсу емтиханы 3 блоктан тұрады:
1) Әңгіме-сұхбат - 30 балл
2) Эссе – 20 балл
3) Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 50 балл.
Докторантураға түсу емтиханына 3 сағат 30 мину (210 минут) беріледі, оның ішінде:
1) Әңгіме-сұхбат – 20 минут;
2) Эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).
Қорытынды баға эссені бағалау, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар мен әңгімелесу нәтижелерін қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.
1) Басқарма Төрағасы - Ректордың атына оқуға қабылдау туралы өтініш;
2) Білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) Шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
5) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:
Ағылшын тілін меңгеру бойынша:
- International English Language Tests System Academic (IELTS Academic), шекті балл кемінде – 5.0;
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT), шекті балл кемінде – 35 балл;
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), шекті балл кемінде – 417;
- TOEIC (Test of English for International Communication), шекті балл кемінде – 550;
- Duolingo English Test (Дуолинго Ингиш тест), шекті балл кемінде – 80;
Неміс тілін меңгеру бойынша:
- Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
- TestDaF-Prufung Niveau В1 (TDF Niveau В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
Француз тілін меңгеру бойынша:
- Test de Français International (TFI) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
- Diplome d’Etudes en Langue français (DELF) – В1 деңгейінен төмен емес;
- Diplome Approfondi de Langue français (DALF) – В1 деңгейінен төмен емес;
- Test de connaissance du français (TCF) – В2 деңгейінен төмен емес;
Философия докторлары (PhD) бағдарламасына "D005 – Дене шынықтыру педагогтерін даярлау", "D006 – Музыка педагогтерін даярлау", "D017 - Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау" және "D018 - Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау" білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсуші үміткерлерге шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттар талап етілмейді.
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
7) 3x4 сантиметр көлеміндегі екі фотосурет;
8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
10) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша);Ескерту!
TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша естілеуді тапсырады.
Қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды. Қосымша тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады."Өтті" деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
4), 5) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқа және көшірмелері ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау, қабылдау комиссиясы және ҰТО-ның ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде жүргізеді:
- күнтізбелік жылғы 3 шілдеден 3 тамызға дейін (жазғы қабылдау);
- күнтізбелік жылғы 25 қазаннан 10 қарашаға дейін (қысқы қабылдау)
Докторантураға бойынша түсу емтихандары келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
- күнтізбелік жылғы 4 тамыздан 20 тамызға дейін (жазғы қабылдау);
- күнтізбелік жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін (қысқы қабылдау).
Докторантураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
- күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;
- күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.
D011 – Физика педагогтерін даярлау.pdf
D012 – Информатика педагогтерін даярлау.pdf
D013 – Химия педагогтерін даярлау.pdf
D014 – Биология педагогтерін даярлау.pdf
D015 – География педагогтерін даярлау.pdf
D017 – Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау.pdf
D019 – Шет тілі педагогтерін даярлау.pdf
8D01702 Орыс тілі мен әдебиеті.pdf