Магистратураға түсу

  • Магистратураға қалай түсуге болады?
    Кешенді тестілеу
    Түсу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

    1 қадам сайтта қабылдау ережелерін жүктеп алыңыз және үйреніңіз

    2 қадам білім беру бағдарламасын таңдаңыз

    3 қадам ҒТК сайты арқылы кешенді тестілеуге тіркелу https://app.testcenter.kz

    4 қадам мемлекеттік гранттарды тағайындау жөніндегі конкурсқа құжаттарды тапсыру

    5 қадам оқуға түсу үшін құжаттарды тапсыру

    6 қадам барлық сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына тікелей қоңырау шалыңыз

    Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өту қажет:

    1. Шет тілі бойынша тест (халықаралық сертификат болған жағдайда, балдарды аудару шкаласына сәйкес, талапкер өз қалауы бойынша шет тілі блогын тапсырудан босатылады);

    2. Оқуға дайындықты анықтауға арналған тест;

    3. Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест (екі пән).

     

    Кешенді тестілеуге тіркеу Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) сайты арқылы жүргізіледі: http://app.testcenter.kz

    Кешенді тестілеудің сынақ тестін де ҰТО сайты арқылы өтуге болады.

    Шекті балл:

    •  Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін — 75 балл;
    • Ақылы негізде оқу үшін — 75 балл.

    Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу кезінде білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 жоғары оқу орнын таңдауға болады.

    Қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл жинау қажет, бұл ретте:

    • шет тілі бойынша — кемінде 25 балл;
    • білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:

    а) бір дұрыс жауапты таңдағанда — кемінде 7 балл;

    б) бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды таңдағанда — кемінде 7 балл;

    • оқуға дайындықты анықтауға арналған тест бойынша — кемінде 7 балл.

    1) Басқарма Төрағасы-Ректордың атына өтініш;

    2) жоғары білім туралы құжат (қосымшасы бар диплом, түпнұсқасы);

    3) жеке куәліктің көшірмесі-2 дана;

    4) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болған жағдайда):

    ағылшын тілін білу бойынша:

    • IELTS Academic, шекті балл-кемінде 6,0;
    • TOEFL IBT, шекті балл-кемінде 60 балл;

    неміс тілін білу бойынша:

    • DSH - B2 деңгейінен төмен емес;
    • TDF - B2 деңгейінен төмен емес;

    француз тілін білу бойынша:

    • TFI-В2 деңгейінен төмен емес;
    • DELF-В2 деңгейінен төмен емес;
    • DALF-В2 деңгейінен төмен емес;
    • TCF-В2 деңгейінен төмен емес;

    5) флюорографиясы бар 075/Е нысанындағы медициналық анықтама;

    6) Фото 3 * 4 см. - 4 дана;

    7) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

    8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);

    Ескерту:

    • 3,8-тармақтардағы құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырылғаннан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады;
    • Жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған кезде қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
    • Магистратураға түсушілер өтініште білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 ЖОО-нын көрсетеді.

    Электронды сандық қолтаңба (ЭЦП) міндетті түрде болуы тиіс.