Қазақ әдебиеті кафедрасы
-
Кафедра туралы
Қазақ әдебиеті кафедрасы 1946 жылы құрылды. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының алғашқы меңгерушісі - «Қазақ ССР Оқу министрлігінің үздікқызметкері» белгісінің иегері, танымал ұстаз Жәмилә Жаманғазықызы Жолаева.
1947-48 оқу жылында қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып Ә.Маметова қызмет атқарды.
1952 жылы қазақ әдебиеті кафедрасының мүшелері санының аздығына байланысты А.С.Мәметова қызметінен босайды да, біріккен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Т. Қордабаев болады.
1953 жылы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі доцент Т.Қордабаев өзге жұмысқа ауысуына байланысты орнынан босайды. 1955 жылы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушілігіне ф.ғ.к., З.Ахметов тағайындалып, кафедра қайта жабылады.
1962 жылы орыс және қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметіне конкурстық негізде ф.ғ.к., доцент З.А.Ахметов алынады.
1975 жылы кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор З.Ахметов өзге жұмысқа ауысуына байланысты орнына доцент Х.Садықов меңгеруші болды.
1982 жылы 8 қыркүйекте (№95 бұйрық) әдебиет кафедрасының меңгерушілігіне ф.ғ.к., доцент К.Мыңжасарова ұсынылады.
1991 жылғы 3 июньдегі №33 бұйрық пен қазақ тілі мен әдебиеті кафедралары екі кафедра ретінде жеке-жеке бөлінді.
Қазақ әдебиеті кафедрасын 1992-1997 жылдары ф.ғ.д., профессор С.Негимов басқарды. 1998-1999 жылдары ф.ғ.к., доцент Р.Зайкенова кафедраға жетекшілікетсе, 1999-2006 жж. ф.ғ.д., профессор Б.Абылқасымов кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
2006-2008 жылдары кафедраны ф.ғ.д., профессор Г.Ж.Пірәлиева басқарады. 2008-2010 жылдары ф.ғ.д., профессор Б. Б.Ыбырайым кафедраға жетекшілік жасаса, 2010-2017 жылдары ф.ғ.д., профессор С.Б.Ержанова, 2017-2019 жылдары PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Н.С.Балтабаева, 2019-2021 жылдары ф.ғ.к., профессор м.а. Б.С.Сарбасов басқарды. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап ф.ғ.к., қауым. профессор А.А.Көшекова кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.
Кафедра жеке отау тіккеннен бері мұнда аса көрнекті әдебиеттанушылар З.Ахметов, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Ш.Елеукенов, Б.Ыбырайым, Г.Ж.Пірәлиева, Ж.Рахманова, С.Ержанова, С.Сәкен, Б.Жұмақаева, т.б. дәріс оқыды. Академик З.Ахметов өмірінің соңына дейін кафедрадан қол үзбей, әдебиет теориясынан сабақ жүргізді.
Қазір кафедрада ғылым докторлары Р. Зайкенова, Г. Балтабаева, Қ. Жанұзақовалар қызмет етеді. Кафедрада тәжірибелі мамандар ф.ғ.к., доценттер Л.Әділбекова, К.Әбдіқалық, А.Көшекова, Б.Бегманова, Б.Қожекеева, Б.Сарбасов, Б.М.Сұлтанова, PhD Н.С.Балтабаева, магистр оқытушылар П.Юсуп, Г.Нұрбекова, Б.Панзабек, Ж.А.Алиева жұмыс жасайды.
Қазақ әдебиеті кафедрасы бойынша соңғы бес жылда 15 монография, 31 оқулық, 25 оқу құралы жарық көрді. Ұжымда «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеттануы: жаңаүрдістер мен бағыттар» тақырыбында ғылыми теориялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Миссия және Халықаралық байланыс
Білім беру бағдарламалары
Қадрлық құрамЖүктеу...
Байланыстар
-
+7 (727) 233 19 31
kazakadebieti@gmail.com