Сералы Қаниев атындағы ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Антистресс күндері» аясында студенттерге арналған «Миға демалыс: Restart yourself» атты психологиялық тренингі өтті. Психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Гүлнұр Исмагамбетова жүргізген шара сессия қарсаңындағы студенттер үшін нағыз «эмоционалдық серпіліс» берді.

Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің емтихан алдындағы үрейін сейілтіп, ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіру.

Спикер стрессті басқарудың тиімді жолдарын көрсетіп, ішкі ресурстарды үнемдеу мен зейінді шоғырландырудың заманауи әдістерін ұсынды. Тренинг тек дәріс түрінде емес, интерактивті жаттығулар мен релаксациялық техникалар форматында өтті.

Психологиялық ойындар арқылы студенттер өз эмоцияларын түсінуді және оны дер кезінде реттеуді үйреніп, ішкі әлемдеріне «қайта жүктеу» (restart) жасады.