EDUQUEST интеллектуалдық байқауы аясында жұмыс берушілермен кездесу өтті



    • EDUQUEST интеллектуалдық байқауы аясында жұмыс берушілермен кездесу өтті

      Университетімізде 1 курс студенттері арасында өткен EDUQUEST интеллектуалдық байқауы аясында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі және логопеді» білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс берушілермен кездесу өтті.

      Мектепке дейінгі білім беру саласындағы сапалы мамандар даярлау үшін жоғары оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту – кездесудің басты мақсаты.

      Студенттердің мектепке дейінгі білім беру саласындағы білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілетін дамыту және шығармашылық дағдыларын жетілдіруге бағытталған сайыс үш кезеңнен тұрды: «Білім сынағы», «Teztap» логикалық тапсырмасы, «Шебер қолдар».

      Кездесу барысында әлеуеті жоғары студенттерді анықтау, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігін қарастыру, жұмыс берушілер тарапынан кері байланыс алу және студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мәселелері қарастырылды.

      Сайыс қорытындысы бойынша «Томирис» командасы  – ІІІ орын, «Алау» мен «ЖасStar» командалары – ІІ орын, «Болашақ» командасы – І орын, ал «Жалын» командасы Гран-приді иеленді.

      Қатысушыларды белсенділік танытқандары үшін шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз! Сонымен қатар бұл интеллектуалдық байқауды жоғары деңгейде ұйымдастырған педагогика ғылымдарының магистрлері, оқытушылар Ерзат Жанбота мен Рақметулла Балғын Ібірагімқызына ерекше алғысымызды білдіреміз!

       

      Бөлісу: