QyzPU-да қалалық студенттік «Jas Gala - 2025» фестивалінің ашылу салтанаты өтті
-
05 наурыз, 2025
Бүгін QyzPU қабырғасында қалалық студенттік «Jas Gala - 2025» фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және Алматы студенттер Альянсының ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан бұл байқау жастарға үлкен мүмкіндіктер ашады.
Іс-шараға Алматының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алады.
Бұл шараның басты мақсаты – талантты жастарды қолдап, олардың кәсіби даму жолында жаңа қадамдар жасауына мүмкіндік беру, адамгершілік құндылықтарды насихаттап, жоғары эстетикалық және интеллектуалдық талғамды қалыптастыру, университеттік дәстүрлерді нығайту және студенттерді шығармашылық арқылы біріктіру.
Фестиваль бір ай бойы жалғасып, қатысушылар вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау, театр өнері сияқты түрлі бағыттар бойынша өзара бақ сынасады. Байқаудың жүлде қоры 7 500 000 теңгені құрайды.
«Jas Gala - 2025» фестивалі жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етіп, жаңа мүмкіндіктер ашатын алаң ұсынады. Фестиваль аясында өнер саласының мамандарынан мастер-класстар мен мотивациялық кездесулер өткізеді. Бұл жастарды шығармашылық жетістіктерге жетуге ынталандырып, жаңа шыңдарды бағындыруға көмектеседі. Алматы қаласының студенттері үшін бұл фестиваль ерекше әрі маңызды оқиға болмақ.
Бөлісу: