Грантқа алғаш құжат тапсырған талапкерге естелік сыйлық табысталды
-
14 шілде, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде білім гранты байқауына алғаш болып құжат тапсырған талапкерге ректор міндетін атқарушы Еркын Нурсагатовнаның атынан естелік сыйлық табысталды.
Аталған іс-шара – университетіміздің талапкерлерге деген ыстық ықыласы мен қолдауының жарқын көрінісі. Қыздарға арналған жетекші жоғары оқу орны ретінде QyzPU әрбір талапкерді зор қуанышпен қарсы алуға дайын екенін тағы да дәлелдеді.
Айта кетейік, университеттегі қабылдау комиссиясы талапкерлерге кеңес беру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді. Білім ордасының есігі болашақ педагог мамандарға әрдайым ашық.
Бөлісу: