ALMA LOVE гранд финалында студенттерге арналған Ахуалдық орталық таныстырылды
-
13 тамыз, 2025
Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған ALMA LOVE жобасының онкүндігі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен гранд финалмен қорытындаланды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің тапсырмасымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасында ашылған студенттерді жатақхана орындарымен қамтамасыз ету жөніндегі Ахуалдық орталықтың жұмысы таныстырылды.
Ахуалдық орталықтың негізгі мақсаты – түрлі себептермен жатақханадан орын ала алмаған студенттерге жедел әрі тиімді көмек көрсету, оларды бос орындармен қамтамасыз ету және орналастыру процесін жеңілдету.
Шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, белсенді жастар және қала тұрғындары қатысты.
Бөлісу: