QyzPU студенті Сеулде өткен халықаралық көшбасшылық бағдарламасына қатысты
-
19 тамыз, 2025
2025 жылдың 7–14 тамызы аралығында Филология институтының «Шетел тілдері» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Асылы Пернебай Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында орналасқан Сунгшин университетінде (Sungshin Women’s University) өткен Summer Asian Women’s Leadership Program бағдарламасына сәтті қатысып қайтты.
Аталған бағдарлама мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға, көшбасшылық қабілеттерді шыңдауға және академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Бағдарлама барысында қатысушылар түрлі тренингтерге қатысып, жаһандық көшбасшылық тақырыбында пікірталастар жүргізді, сондай-ақ басқа Азия елдерінен келген студенттермен бірлескен жобалар орындады.
Асылы Пернебай үшін бұл тәжірибе ағылшын және корей тілдеріндегі қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге, халықаралық топта жұмыс істеуге, жаңа достар табуға және Корея Республикасының мәдениетімен тереңірек танысуға мол мүмкіндік берді.
QyzPU ұжымы студентіміздің жетістігін мақтан тұтады және болашақта да білім алушыларымыздың халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтап, көшбасшылық қабілеттерін дамытуына қолдау көрсетуді жалғастырады.
Бөлісу: